ШАЛҒАЙДАҒЫ 136 МЫҢ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Цифрландыру басқармасының 2021 жылы атқарылған жұмыстарының есебін тыңдап, биылғы жылғы жоспарларымен танысты.

Басқарма басшысы Ә.Әбдіраханов өткен жылы қаланы сапалы интернетпен қамтамасыз етудің 2-кезеңіне сәйкес 14 жердің координатасы мобильді байланыс операторларымен келісілгенін айтты. Оның 8 нүктесі жеке инвестор есебінен, 6 нүктесі басқарма мобильді байланыс операторлорымен бірлесе жеке нысан иелерімен тікелей келісу арқылы іске асырылды. 14 базалық станция іске қосылғаннан кейін, қаладан шалғай орналасқан елдімекендердегі 136 мың қала тұрғыны сапалы интернетпен қамтылды. Интернет сапасы төмен 22 елдімекен анықталып, оларға жол картасы әзірленді. 30 тұрғын алапқа инвесторлармен бірлесе оптика тарту жұмыстары жүргізілді. 10 қоғамдық орынға 30 «Ақылды күнбағыс» кешені орнатылды. Биыл 30 тегін wi-fi нүктелері орнатылды. Қауіпсіздік мақсатында 136 мектепке 216 «SOS» батырмасы  орнатылды. Цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан 24 мыңнан астам тұрғын онлайн режимінде білім алған.

Бұл жылы мобильді интернет желісімен және сапалы байланыс арнасымен қамту үлесін 95% жеткізу, шалғай орналасқан елдімекендерді сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында оптикалық желі тартып, қамту үлесін 75% жеткізу, қаладағы 100% қоғамдық орындарда wi-fi желісімен қамту, бейнебақылау камералардың санын ұлғайту көзделген.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі цифрландыру басқармасының басшысына шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамту, 112 бірыңғай байланыс орталығын құру мәселесін зерделеу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасысыз ететін бейнебақылау камераларының санын ұлғайтып орнатылған камералардың функционалдығын арттыру сонымен қоса, қоғамдық орындарды 100% тегін wi-fi желісімен қамту бойынша тиісті тапсырмаларды берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.