Шымкент: Бұрын сотты болған түркістандық қайта ұрлық жайтымен ұсталды
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, құрылыс жұмыстары толық бітпеген үйінен 1 дана қол арбасын, 1дана газ баллонын, 6 дана 120 секциялы жылыту батареяларын белгісіз тұлға ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 380 мың теңгені құраған.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, 33 жастағы түркістандық тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында аталған азаматтың бұған дейін ұрлық жайтымен сотты болғаны белгілі болды.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының тәртіп сақшылары тұрғындарды жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.