Тыңдаған кісі жоқ, пішту…

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ

Ең үлкен тәцелсіздік – экономикалық тәуелсіздік. Күн көрісте біреуге кіріптар болмау. Кіріптар адам тәуелсіз бола алмайды. Жалтақтап біреудің қолындағы нанға қарағаннан кейін солай болады.

Қазақстанда кедейлердің 99 пайызы – қазақтар. Қазақтың тағы бір ұтылған жері – қазаққа шеттен бес миллион халық келеді дейміз, қайда келеді олар? Біз соны келтіру жағында емес, келтірмеу жағында болып отырмыз. Олар келсе, қоныстанатын жерлерлің барлығын сатып жібердік. Жер сату туралы қаулы шықпай жатып, тауды, тасты, шырайлы-шұрайлы жердердің барлығын алып қойған. Ары шуылдадық, бері шуылдады. Жазушылар қарсы шығып, жер комиссиясын құрып парламентке де айттық. Тыңдаған кісі жоқ, пішту…

Бізде шеттен келген кірмелерге жол беру, орын беру алда тұр. Қазыр кірмелер төрге шығып кетті. Ал, өзіміз болсақ, босағаға ығысып алдық. Солар би, солар қожа. Ал, осыдан кейін ұлт қалай оянады, ұлттың еңсесі қалай көтеріледі?

«А»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.