Шымкентте пәтерден теледидар ұрламақ болған азамат оқиға орнында ұсталды
Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз тұлға түнгі сағат 02:00 шамасында үйінің ашық қалған есігі арқылы заңсыз кіріп, құны 150 000 теңгелік теледидарын қолды етпек болғанын байқаған. Ұрлықтың үстінен түскен тұрғын бірден ұрлық жасамақ болған азаматқа ұмтылып, оны ұстап, полицияның «102» арнасына жүгінген.
Хабарды алған Абай АПБ-ның қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Ұсталған азаматтың жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы анықталып жатыр.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала тұрғындарын жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады.
Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.