МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «МЕТАЛЛУРГ» СТАДИОНЫНДА БОЛДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Nur Otan» партиясы фракция мүшелері Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы мен Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Көшікбаев және мердігер мекеме өкілдері қатысты.
Айта кетейік дәл осы
«Металлург» стадионының ел игілігіне дер кезінде берілуі «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы әзірлеген сайлауалды бағдарлама бойынша басым бағыттары жазылған Жол картасында орындалуы тиіс басты міндеттердің бірі болып табылады.

Бас мердігер мекеме «Югстройсервис-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобада әкімшілік-тұрмыстық корпус, командалық ойындарға арналған спортзалдар, асхана, 62 орынға арналған спортшылар үйі, 1504 орынға арналған трибуна, спорттық тренажорлық алаңы, кешенде қолданылатын спорттық табло, сумен жабдықтау сорғысы қарастырылған.

Өз кезегінде халық қалаулылары бас мердігерге құрылыстың сапасына аса мән беріп, нысанның уақытылы қолданысқа берілуі қажет екендігін ескертті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.