АСАР-2 ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Әбдінәбиұлы Қаратаев Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, осында бар инфрақұрылымдық мәселелерді тұрғындар үшін ыңғайлы етіп шешу жолдарын ақылдасты.

Асар-2 шағынауданында шынымен мәселе көп. Тұрғындар бірер жылдан бері осы жағдайды айтып көп жерге барған. Мәжіліс депутаты халықтың әл-ауқатын жақсарту
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына енгенін, оның міндетті түрде орындалатынын айтты.

Асар-2 шағынауданында 12 мыңға тарта тұрғын бар. Өткен жылдың соңында ауыз су құбыры мен электр энергиясының желісі тартылып, тұрғындар сапалы қызметті тұтына бастады.

Асар-2 шағынауданында көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе – ол кезінде көпқабатты үйлер салынатын болып жоспарланып, кейін ол жерге жеке меншік үйлер түскен жақтағы инфрақұрылымның талапқа сай болмағаны. Электр энергиясын жеке меншік компаниядан алып, тұтынады. Біріншіден бағасы қымбат. 30 теңге. Екіншіден кешке қарай жарық сығырайып, өшіп қала береді.

Кездесуге келген энергетика басқармасы басшысының орынбасары 1000-ға тарта үй үшін ауыз су, электр энергиясы мен көгілдір отын жеткізу үшін жобалық-сметалық құжатнаманың дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткенін, енді мәслихатта қаралып, қаржы бөлінген бойда тендерлік конкурстың өтетінін айтты. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталады деген сөз. Сондықтан бұл мәселелер шешімін табады.
Мәжіліс депутатына шағынаудан тұрғындары бар мәселесін айтып, жылы сөйлесіп, бата беріп тарқасты.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.