Шымкенттік полицейлер «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!» іс-шарасы аясында оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндірді
Қаратау АПБ Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Ерікұлы Сержан қаладағы №72 жалпы орта мектептің ұстаздарымен бірлесіп «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін үйретті. Өз кезегінде, балалар сауалдарына жауап алды.
Шымкент қаласы аумағында өтіп жатқан «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.
Өз кезегінде, «Ата-аналар балаларға жіті көңіл бөліп, жолда жүру ережелерін үйретуі тиіс. Балалардың қауіпсіздігі сіз бен біздің міндетіміз»,-дейді полиция капитаны Ерікұлы Сержан.