Қазақстандықтар аспандағы ерекше құбылысқа куә болды
Күні кеше сағат 21:40 шамасында Қазақстандықтарды аспандағы ерекше құбылыс таң қалдырды.

Зымыранның көкке көтерілген сәтін көрген қазақстандықтар өз таңданыстарын жасыра алмады. Олар болған жайтты дереу телефондарына түсіріп алып, аспандағы ерекше құбылысты жан-жаққа тарата бастады. Ракетаның қозғалысы Шымкент, Алматы, Тараз, Қызылорда және Қарағанды облыстары, тіпті, Астана қаласында да көрінген.
Бойқоңыр космос аймағынан «Союз МС-05» зымыраны ұшырылған.