Шымкенттік полицейлер тұрғынның ұялы телефонын алдап алып кеткен азаматты ұстады
Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, автобус аялдамасында тұрғанында белгісіз біреу телефонын сөйлесіп алайын деп сұрап, алаяқтық жолмен иемденіп бой тасалағанын жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 130 000 теңгені құраған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды.
Қаратау АПБ-ның Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына жұмылды. Жан-жақты тексеруді жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде, азаматтың жеке басын анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарына алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды сұрайды.
Егер Сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.