Шымкент: Полицейлер пәтерден танысының телефонын ұрлаған азаматшаны ұстады
Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, үйіне қонаққа келген танысы сөреде тұрған 50 000 теңгесін және құны 68 000 теңгені құрайтын «Samsung» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде иемденіп, ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі 118 000 теңгені құрады.
Ұрыны ұстау мақсатында Қаратау АПБ-ның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Тыңғылықты жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұрлық жасаған азаматшаны полицейлер қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады.
Егер, Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.