ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 5 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

Шымкентте өткен жылы қаладағы кәсіпорындармен 785,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Оның ішінде өнеркәсіп саласында үлесі 87,2 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 679,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,0 пайызға өсті. Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әзімбердиев akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирде айтты.

Сонымен бірге сала маманы мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 7,8 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 2,7 пайызға, сусындар өндіру 13,1 пайызға, химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 1,9 пайызға, дайын металл бұйымдарын өндіру 28,2 пайызға, машина жасау 42,8 пайызға, қағаз өндіру 13 пайызға артқанын атап өтті.

«Биылғы жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 744 млрд. теңгеден асады деп болжануда. Сондай-ақ,  экспорт саласы бойынша қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығарады. 2021 жылдың 11 айында тауарлардың шикізаттық емес экспорт көлемі 413,8 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 450 млн. АҚШ долларына жетеді деп күтілуде»,- деді басқарма басшысының орынбасары.

Тікелей эфир барысында Біржан Әзімбердиев қала тұрғындары тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша келіп түскен сауалдарға жауап берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.