СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ОРТАҒА САЛЫНДЫ

Бүгін Қазығұрт ауданында болған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов аудандық полиция қызметкерлерімен кездесіп, тәртіп сақшыларына алдағы 5 жылда іске асыру жүктелген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын таныстырды.

Қоғамдық тәртіпті сақтап, аудан тыныштығын күзеткен полицейлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі негізгі жаңашылдықтар түсіндіріліп, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі қаралатынын жеткізді.

Басқосу барысында ел сенімін арқалаған полицейлердің парақорлықтан алшақ, парасаттылыққа бейім болу қажеттігі ортаға салынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.