БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін арнайы жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданына арнайы барған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өткізді.
Жиынға Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев, аудандық әкім аппараты мен дербес бөлімдерінің және ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
Өз кезегінде Ержан Әлиұлы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын және оның жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарымен таныстырып, бұл негізгі құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, оның жою мүмкіндіктері, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, азаматтық қоғамның рөлін күшейту сияқты міндеттер қарастырылғанын баяндады.
Соның ішінде, негізсіз баю мен кірістерді заңдастыру шараларына және сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу бойынша ақпарат беріп, мемлекеттік қызметшілерді ел игілігі жолында адал қызмет етуге шақырды.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша қойылған сауалдарға жауап берілді.