БОЛМЫСЫ ӨЗГЕРГЕН САЯСИ ҰЙЫМ

Кезектен тыс өткен «Nur Otan» партиясының съезінен кейін өзімді қыстың аязды күндері денемді суықтан қорғаған ескі тонымды тастап, біршама жеңілденіп, жылымық алып келген көктемнің күні елдің алдына қазақы шапанымды киіп шыққандай сезініп отырмын. Бойда құлшыныс күші бар. Елдегі жақсы жаққа қарай бет алған өзгерістердің алдында болуға деген ниетті, сол үшін істелетін жұмыстардың нақты жоспарын көрдім. Жаңа Қазақстанды құру үшін өзін жаңартып жатқан саяси ұйымның жаңа белесті өзгерген атаумен бастағанын жақсы ырымға баладым. Бұл табиғи құбылыс. Адам да өскен сайын ақылы толысады, өзгереді, табиғи орта мен айналасындағы жағдайға қарай ыңғайлана өмір сүреді ғой. Біздің партиямыз Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістігіне желкен, тіреу, күш болды. Өткенімізге ешкім топырақ шашпас. Ендігі жерде алдыға қарай серпіліп аттау үшін өз ішіміздегі, айналамыздағы жағдай бізден жаңаруды талап етті. Біз соны қабыл алдық, түсіндік. Кезектен тыс өткен съезд соның куәсі. Мен партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары болған соң, алдыңғы шепте жүрдім десем болады. Арызын айтқысы келген адам бізді іздейді. Ендігі тұста тұрғындарды қоғамдық қабылдаудың жаңа жолдары, тәсілдері қолданылады. Проактивті, қызмет көрсетуге бағытталған болады. Сол алыста тұратын ауылдасымыздың алдына біз барамыз, арызын айтып ол келмейді. Бастауыш партия ұйымдарын ірілендіріліп, округтік етіп құрылады. Салмақ тұрғындарға жақын жүрген сол округтік бастауыш партия ұйымдарына түседі. Өйткені, ол өтінішін айтатын тұрғынмен бір аулада тұрады, бірге жүреді. Бұл жобаның тиімділігі артады деп ойлаймын. Біздің партия елдің ұсыныс-пікірін білу үшін TALQYLAU пікірталас алаңқайын құрмақшы. Ойыңызды Сіз де ортаға сала аласыз. Таласыңыз, дәлелдеңіз. Тұшымды ойыңыз болса міндетті түрде ескеріліп, тиісті жерде қаралады. Әлеуметтік желіде бір жазба салып қойып қарап жатпаңыз. Пікірталас алаңқайына келіп ойыңызды көпшілікке айтыңыз. Осы жерде жергілікті мәслихатқа сайланған біздің депутаттарымыз болады. Сол депутаттарға артылатын жүк пен жауапкершілік те басқаша болмақ.

Иманқұлов Әбдез Рахманұлы
«AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.