СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен жиында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылды.
Аталған шараға Департамент басшысы С.Пакеев пен ұжымы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова қатысты.
Тұжырымдамадағы жаңашылдықтарға тоқталған Жазира Әлжанова, негізсіз баюға жауапкершілік енгізілгенін, парасатты қоғам қалыптастыру, жазаның бұлтартпастығын күшейту, азаматтық қоғамды тарту және тағы басқа маңызды мәселелер қамтылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Тұжырымдама аясында сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа төзбеуге, тұрақтылыққа тексеру (integrity check) жүргізуді жоспарлап отырғандығы, бұл адал емес қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуде Агенттік тарапынан қолға алынған жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шаралар хабарланып, жемқорлықпен күресті әрбір қызметкер өзінен бастау керектігі айтылып, ұжымдағы парасаттылық құндылықтары талқыланды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.