ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Кемелглы Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру» атты Жолдауын ұсынды.

Жолдау барысында елімізде жыл басында болған қасіретті қаңтар оқиғасынан басталған мәселелер қозғалып, елдің саяси басқару жүйесіне, әкімшілік-аумақтық құрылымына және Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілетінін айтты.

Сондай-ақ, Жолдауда қазіргі уақытта өзекті деп саналатын күрмеуі қиын мәселелердің барлығы дерлік қамтылды. Негізгі аспектілердің бірі – жаңа облыстардың ашылу туралы шешім екені анық. Мұны қоғам мен қалың бұқара халық күтті. Себебі, Жезқазған, Семей, Талдықорған өңірінен тұрғындар көшіп, ысырылып жатыр. Басты проблема жұмыссыздық. Енді бәрі өзгеруі керек. Мемлекет басшысы аталған қалаларға екінші өмір сыйлады десек те болады. Және аталмыш облыстарға байырғы атаулар мен ұлғы тұлғалардың есімі берілуі еліміздің еңсесін көтеріп, рухымызды биіктетті.

Жолдау маңызды да күрделі деп көрсетілген проблемаларды қамтыды. Расында да, Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелердің шешімін табуға бағытталды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалатынына кәміл сенемін! Халықтың үмітін арқалағын «AMANAT» партиясының мүшесі ретінде алдағы уақытта Президентіміздің бүгінгі тапсырмаларын жүйелі орындап, қарқынды жұмыстар атқаратын боламыз!

КЕРІМБАЕВА Наргиза Абайдуллақызы

Мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.