ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 16 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында биыл 25 мың бала жан басына қаржалындыру жобасы шеңберінде қосымша біліммен қамтылады. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева @akimat_shymkent инстаграм парақшасындағы тікелей эфирде мәлімдеді.

Үйірмемен қамтылатын 14 мың оқушы спорт, 6 мың бала мәдениет пен өнер, 5 мыңға жуық оқушы білім басқармасы тарапынан қосымша білімге бағытталады.

Одан бөлек, 11 қосымша білім беру ұйымдары мен 17 аула клубы және мектепішілік түрлі үйірмелерде оқушылардың 73,4% (181 253 оқушы) қосымша біліммен қамтылған.

Басқарма басшысы өткен жылғы білім инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарды баяндап, биылғы жоспарларымен бөлісті. 2021 жылы 25 мектеп қолданысқа беріліп, қаладағы мектеп саны 203-ке жетті(152 мемлекеттік мектеп). Биыл тағы 16  жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымды мектеп саны 9-дан 5-ке төмендейді.

2021 жылы 1 мектеп, 2 балабақша мен 1 колледж күрделі жөндеуден өткен. Биыл 5 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмысы жасалады. Олар: №11, 50, 107 мектеп пен № 3 балалар үйі және  қосалқы мектеп-интернаты.

Былтыр 28 мектептің ауласына типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылып, биыл №33, 53, 135 және №136 мектепке спорт алаңын орнату жоспарлануда.

Қаладағы білім беру ұйымдарына бейнебақылау жүйелері 100% қамтылған, барлық мектеп кіреберістеріне турникет қойылды. Сонымен қатар, мектептерге толығымен дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің  Жедел басқару орталығына қосылған.

Эфир барысында Ж.Тәжиеваға тұрғындардан 70-ке жуық сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі оқушылдардың тамақтануы, бала-бақша төлемдері және қосымша үйірмелер төңірегінде болды. Басқарма басшысы барлық сұрақтарға жекелей жауап берді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.