AMANAT – ОЗЫҚ ОЙ МЕН ӘДІЛДІКТІҢ, БІРЛІК ПЕН ІЛГЕРІЛЕУДІҢ ПАРТИЯСЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 16-наурыздағы Қазақстан халқына арнаған жолдауында Жаңа Қазақстанды құру, саяси тың реформаларды жүзеге асырудың бір тетігі ретінде саяси партиялар арасындағы тепе-теңдік пен ашық бәсекені жетілдіру болып табылатындығына тоқталып өтті. Бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси партиялардың арасындағы шоқтығы биігі әрі еліміздің өсіп өркендеуіне, тәуелсіздігіміздің нығайуына, әрі елдегі тұрақтылық пен дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан негізгі саяси күш бұл- «AMANAT» партиясы.
«AMANAT» – бұл дербес және өз бетінше әрекет етуге қабілетті, қалыптасқан институт. Оның барлық қажетті ресурстары – ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық, кадрлық, кең ауқымды филиалдар желісі, үлкен электоралды тәжірибесі, идеологиялық белсенділері мен сенімді қолдаушылардың қалыптасқан өзегі, нақты идеологиялық платформасы бар.
Жаңа бастамалар бұқараның көңіл-күйіндегі айтарлықтай елеулі өзгеріс, сайлау және партия заңнамасын либерализациялау, әрине, мұның барлығы бәсекелестіктің артуына, электоральды талғамның өзгеруіне әкеледі. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының саяси реформалары – «AMANAT» үшін үлкен игілік. Өйткені біздің партиямыз дамуға жаңа серпін алады.
«AMANAT» партиясы жүріп өткен жолы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тұспа-тұс келетін егіз ұғым. Бұған дәлел партияның осы уақытқа дейін қаншама ауқымды саяси науқанды жоғары деңгейде өткізіп, бүкіл бұқара халықты тегіс қамти білуі. Сондықтанда еліміздің негізгі саяси күші, жетекші партиямыз өз жұмысын сенімді түрде жалғастыра бермек.

Бертаев Есемхан Қалмаханұлы
«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.