AMANAT АРТҚА ШЕГІНБЕЙДІ, АЛҒА ҰМТЫЛАДЫ

• Президент төрағалықтан кетіп, әкімдер мен орынбасарлары партияда жұмыс істемейтін болса AMANAT партиясының күйі не болады, болашағы қандай болмақ деген тұрғыдағы сұрақтар қоғамда біраз күннен бері мейлінше талқыланып жатыр. Бірі біздің партияның күні батып барады десе, енді бір топ саяси сахнаны «босатады» деп болжам жасапты. Мен осындай пікір білдіріп жатқан ағайынға асықпаңыз дер едім. Сөзім дәлелді болуы үшін мынадай дәйектер келтіремін.
• Елдегі саяси партиялар, соның ішінде 800 мыңнан аса мүшесі бар AMANAT та, сайлаушылардың мүддесін білдіретін басты институт болып қалады. Мәжілістегі депутаттық мандаттардың басым бөлігі (70%) пропорционалды сайлау жүйесі бойынша бөлінеді, яғни партиялық тізім бойынша сайланады. Парламенттегі орынның басым бөлігін AMANAT партиясының иеленеді деген ойым бар. Жұмысымыз осыған бағытталған.
• Елде жаңа партиялар пайда болған кезде біз бәсекелестікке дайын тұрамыз және өзіміздің партияны нығайту жұмыстарын жалғастырамыз – ішкі трансформация дәл бүгіндері жүріп жатыр. Бұл ретте партиялық және сайлау заңнамасын либерализациялау партиялық алаңды кеңейтуге және тиісінше электоратты бөлуге әкелетінін ескеру қажет.
• «AMANAT» партиясы Қазақстандағы саяси-партиялық алаңның негізгі ойыншысы болып қалады деп ойлаймын. Сол үшін жаңа жағдайға ыңғайланып, сайлаушылармен байланыстың жаңарған форматына бейімделетіні сөзсіз. Қазірдің өзінде партия жаңғырып, мобильді және ұтқыр бола түсті. Бәсекелестік жағдайында партия өзінің артықшылығын тағы бір рет дәлелдеп, өзінің саяси тәжірибесінің молдығын, жауапкершілігінің жоғарылығын көрсететініне сенімдімін. Ол үшін қазірдің өзінде үлкен трансформациялық қадамдар жасалуда – партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері мобильді болып, ең шалғай ауылдарға барып жатыр; фракция – ашық және батыл түрде бастамалар көтеріп, орынды сын айтады, депутаттар – барынша ашық, елмен етене жұмыс істеуге көшті. Атқарушы хатшы партияның жұмысын өңірлік деңгейде де, сондай-ақ аппараттық қызмет шеңберінде де белсенді түрде арттырып, өзі аймақтарға арнайы барып, жастармен, зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, сұхбаттасуда, ол жаңа тұлғалардың, нақты айтсам депутаттар С.Нұрбек, А.Әлтаевтың келгеніне қолдау білдіріп жатыр.

Иманқұлов Әбдез Рахманұлы
«AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.