«AMANAT» — БИЛЕУШІ ПАРТИЯ ЖӘНЕ СОЛ МӘРТЕБЕСІН САҚТАП ҚАЛАДЫ

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына тарихи шешімдерге толы Жолдауын ұсынды. Жолдауда еліміздің саяси институттарына байланысты көптеген реформалар айтылды. Осыдан кейін «AMANAT»партиясының келешегі қандай болмақ деген сұрақ туындайтыны заңдылық.

Біріншіден, Мемлекет Басшысы жариялаған саяси өзгерістер партияның одан сайын бәсекеге қабілетті, нағыз демократиялық партия болуында оң серпін берері сөзсіз. Біздің партия жаңа саяси кезеңге және жаңа ережелерге дайын екенінін сенімді айта аламын. «AMANAT» — бұл дербес және өз бетінше әрекет етуге қабілетті, көп жылдық тарихы бар, қалыптасқан институт. Бізде ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық, кадрлық және сенімді қолдаушылары қалыптасқан нақты идеололгиялық платформа бар.

Екіншіден, «AMANAT» партиясы трансформациялау бағдарламасын қабылдап, оны жүзеге асыру бойынша қарқынды жұмыстарға кірісіп кетті. Партия жұмысына елеулі өзгерістер енгізіп, партия аппаратының тиімділігін арттырудағы ерекше екіпін берілген тұсы – орталықсыздандыру (децентрализация). Қазір бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда.

Үшіншіден, бұқараның көңіл-күйіндегі айтарлықтай елеулі өзгеріс, сайлау және партия заңнамасын либерализациялау, әрине, мұның барлығы бәсекелестіктің артуына, электоральды талғамның өзгеруіне әкеледі.

23 жылдық тарихында еліміздің басты саяси күшіне айнала білген партия әрқашан бәсекелестікке дайын екенін дәлелдеп келеді. Бәсекелестік жағдайында партия өзінің артықшылығын, саяси тәжірибесінің молдығын, жауапкершілігінің жоғарылығын көрсетуі керек. Ол үшін қазірдің өзінде үлкен трансформациялық қадамдар жасалуда. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері мобильді болып, ең шалғай ауылдарға барып жатыр. Фракция – ашық және батыл түрде бастамалар көтеріп, орынды сын айтып, депутаттар – барынша ашық, елмен етене жұмыс істеуге көшті. Атқарушы хатшы партияның жұмысын өңірлік деңгейде де, сондай-ақ аппараттық қызмет шеңберінде де белсенді түрде арттырып, аймақтарға арнайы барып, жастармен, зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, сұхбаттасуда.

«AMANAT» — билеуші партия және сол мәртебесін сақтап қалады. Партия бірінші кезекте, Президент Қ.К.Тоқаевты, оның өзгерістер мен прогреске арналған реформаторлық бағытын қолдайды. Реформалар ел мен қоғам үшін маңызды, сондықтан партия алдағы уақытта да Президенттің бағыт-бағдары төңірегінде қоғамды топтастыру мен жұмылдыруға өзінің барлық күш-жігері мен қуатын бағыттайды.

БЕКТАЕВА ЖАНАР ӘЛІБЕКҚЫЗЫ
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.