ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ПАРТИЯ ФИЛИАЛДАРЫН БАСҚАРМАЙДЫ
Жолдауды жүзеге асыру бойынша өткен актив отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов Президент өз өкілеттілігін шектеу және саяси бәсекелестікті арттыруға басымдық бергенін атап өтті.
«Бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады. Сондықтан президенттің көптеген құзыретінен бас тартатытын айтты. Сонымен бірге, саяси партияларды тіркеу шегін төрт есеге азайтып, 20 мың адамнан 5 мың адамға төмендетуді ұсынды. Бұл өз кезегінде жаңа партиялардың пайда болып, партияаралық бәсекелестікті арттырып, қоғамды демократияландыру үдерісін жетелдетеді»,-деді қала басшысы.
Барлық партияларға тең мүмкіндік жасау үшін, ешқандай партияда артықшылық болмауы үшін Президентіміз Amanat партиясының төрағалығынан кететінін жариялап, әкімдер мен олардың орынбасарлары партия филиалдарын басқаруға заң жүзінде тыйым салу қажет екенін мәлім етті.
Осы жағдайда әкім партия атынан сайланған мәслихат депутаттары сайлауалды бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстап, жергілікті атқарушы органдар мен сайлаушылардың арасында көпір бола білу керек деп ойлайтынын жеткізді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі