Төрлет, Наурыз төріме!
«Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Төрлет, Наурыз төріме!» Тақырыбындағы іс-шарасын өткізді.
Құрметті әріптестер!
Құрметті ағайын!
Баршаңызды халқымыздың ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа Қазақстанды құру жолында кешегі Мемлекет Басшысының Жолдауында елімізді түбегейлі жаңғыртуды көздейтін ауқымды реформалар ұсынылып, саяси реформаларды жүзеге асыруда жетістіктерге жетелейтін ауқымды тапсырмалар айтылды. Оны жүзеге асыру барлығымызға міндет жүктейді.
Жаңа Қазақстанды құру мемлекеттік аппараттың ғана емес, бүкіл қоғамның әрбір қазақстандықтың міндеті. Әрбір азамат еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет.
Қадірменді ағайын!
Жыл жақсылығымен келсін, ел іргесі аман болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Бірге болайық, бірге жұмыла еңбек етейік. Тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміз жасай берсін!