БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы кездесулер Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі мен Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының оқытушы құрамымен өтті.
Аталған ұжымдармен кездескен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова Департаментпен тіркелген қылмыстарға тоқталып, жемқорлықсыз қоғам құрудағы өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ата-аналармен қатар, ұстаздардың алатын орны ерекше екендігін айтты.
Сонымен қатар, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары жайында ақпарат беріп, парақорлық үшін жауапкершіліктің күшейтілгенінен хабардар етіп, ұжым арасында жемқорлықтың алдын алу бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.
Жиын барысында қатысушыларға адам бойындағы асыл қасиеттер: адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын қоғам арасында кеңінен насихаттау маңыздылығы айтылып, ұстаздардың жұмысына сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.