Қазақстанда бір тәулікте 11 адам суға кетті
Қазақстанда өткен тәулікте шомылуға арналмаған жерлерде 11 адам суға кетті, оның екеуі бала. Олардың біреуі әлі де іздестіріліп жатыр деп хабарлайды sputniknews.kz сілтеме жасап qazygurt.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
«Тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Құтқарушылардың тұрғындарды шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеу керектігіне ескерту жасауына қарамастан адамдар рұқсат етілмеген орындарда суға түседі», — деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Балалар үлкендердің бақылауынсыз қалған. Төтенше жағдайлар комитеті хабарлағандай, кейбір адамдар мас болған.