ТҮРКІСТАН: КӨППӘТЕРЛІ ҮЙЛЕРДІ КҮТІП-БАПТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢҒЫРАДЫ

Биыл облыс аумағында жұмыс істеп тұрған пәтер иелері кооперативтерінің орнына (ПИК) Заңға сәйкес мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) немесе жай серіктестіктер (ЖС) келуі тиіс. Қазір облыс аумағында 1 329 жаңа басқару нысаны құрылды. Оның 1 295-і жай серіктестіктер, ал 34-і мүлік иелері бірлестіктері. Бұл туралы бүгінгі брифингте Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бақтыбек Убайдин мәлімдеді.
«Жаңа басқару нысандары пәтер иелері кооперативтеріне балама болып табылады. Онда меншік иелері өз баспаналарын өздері қадағалап, жауап береді. Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға өзгерістер енгізу жоспарлануда. Мәселен, 8 пәтерлік үйлерге тікелей бірлескен басқару формасы енгізілсе, 8-30 пәтерлік үйлерге жай серіктестіктер құрылуы тиіс. Ал, 30 пәтерден асатын үйлерде мүлік иелері бірлестіктері құрылуы тиіс»- деді Бақтыбек Тоқбергенұлы.
Сондай-ақ брифингке қатысқан «Шымкент-қызмет» басқару компаниясы ЖШС құрылтайшысы Әбдімәлік Балбаев бұрынғы пәтер иелері кооперативтері келісім шарт негізінде сервистік қызмет көрсете алады. Меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік көпқабатты үйлерде құрылып, тиімді меншік иесін қалыптастыратын басқару жүйесіне көшу әрбір тұрғынның міндеті болып саналады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.