ОҚО-да екі бірдей құс фабрикасы салынады
Алдағы уақытта Сауд Арабиялық компанияның қаржыландыруымен Оңтүстік Қазақстан облысында жылына 40 тонна құс етін шығаратын фабрика іске қосылады. Жалпы бұл жобаның құны – 30 млрд теңгені құрайды.
Аудандағы бес ауылдық округ аумағынан құрылысқа қажетті 200 гектар жер бөлінген. Жоба екі кезеңмен жүзеге асады. Етті, тауық балапанын инкубациялық жолмен көбейтуден бастап, одан дайын шұжық өнімдеріне дейін өңдейтін цехтар салынады. Құстарға қажетті жем-шөпті де өздері дайындайды.
2018 жылы алғашқы отандық өнім нарыққа шығады. Сондай-ақ аудандағы индустриалды аймақта ет және сүт, табиғи сусын шығаратын, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндейтін құны 3 млрд теңгеге жуық 6 жобаның құрылысы қолға алынады. Қазақ-Араб бірлескен кәсіпорны Ұлт жоспарында айтылған ет өндірісі мен өңдеуді дамытуға бағытталған стратегиялық инвеститциялық жобаның бірі болмақ. Дайын өнім бірінші кезекте ішкі нарықты қамтиды, артылғаны экспортқа шығарылады.