ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бахрейнде джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Төлеш Мұқасан елге оралды. Чемпион Олимпиадалық емес жоғары спорт шеберлігі мектебінің сайыпқыраны. Жеңімпазды спорт мектебі директорының орынбасары Мұхтар Шахан бастаған ұжым мүшелері «Turkistan» Халықаралық әуежайынан құрмет-қошеметпен күтіп алды.
«Әлемдік деңгейдегі алғашқы жарысым нәтижелі аяқталды. Бұйыртса 6 құрлық чемпионы боламын деген мақсатым бар. Қолдау білдірген жанкүйерлерге, отбасыма, бапкеріме алғыс білдіремін. Турнирде ең қиыны финалдық кездесу болды. Азия жеңімпазы болу бақыты бұйырғанына қуаныштымын», — деді Мұқасан Тұтқабайұлы.
Көк туымызды күллі әлем алдында желбіреткен спортшы Түркістан облысы, Леңгір қаласының тумасы. Бұған дейін ол джиу-джитсудан ел біріншілігінде күміс жүлдеге ие болған. Жаттықтырушысы – Мұхтар Мамбетов.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.