ШЫМКЕНТ: ҮЙ-ЖАЙЛАРДА БЕТПЕРДЕ РЕЖИМІН САҚТАУ ТАЛАБЫ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ

Шымкентте бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында өткен брифингте  Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлімдеді.

«Мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №9 қаулысына сәйкес қаладағы шектеу шаралары жеңілдетілді.

 

Үй-жайларда бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды. Алайда медициналық ұйымдарға, қылмыстық-түзеу мекемелеріне барғанда және үй карантині жағдайында бетпердені кию міндетті» -деді спикер.

Спикердің сөзінше, осы жылдың 5-ші ақпаннан бастап қала «жасыл» аймақта.  Өткен тәулікте 2 жағдай тіркелген (симптоммен – 1 (50,0%), симптомсыз – 1      (50,0%). Қарым-қатынаста болған 2 адам медициналық бақылауға алынған.

Айта кетейік, оқушылар мен студенттер арасында КВИ 30%-дан жоғары тіркелмеген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.