Шымкент: «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы барысында Әл-Фараби ауданында 42 жасөспірім анықталды
Ағымдағы жылдың 1-5 сәуір аралығында Шымкент қаласының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы орайда, тәртіп сақшылары түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, жастар көп шоғырланған орындарында және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында мақсатты рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Іс-шара барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 42 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша 1 хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 1 жайт бойынша хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) 37 жасөспірімге ескерту жасалды. ҚР ӘҚБтК 440-бабының 2-бөлігі бойынша (он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктер ішуі) 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан өзге, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылықтың – 1 жайты анықталды.
Айта өтетін ақпарат, тәртіп сақшылары іс-шара аясында білім беру ұйымдарында оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесулер өткізіп, заңды жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен, осы ретте ағымдағы жылдың 5-сәуірінде Әл-Фараби ауданына қарасты №7 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция майоры М.Елтаев көшеде және жолдарда жүру дағдыларын нығайту мақсатында мектеп оқушыларына сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып, өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналардан жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауларын сұранады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі