«7-20-25» БАҒЫТЫ БОЙЫНША НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІМ ТҮСКЕН
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлер алуға жалпы 2022 жылғы 11 сәуірден жұмыс уақытымен cағат 09:00 ден 15 сәуір сағат 19:00 аралығында 11919 өтінім келіп түсті. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның ішінде: 1-бөлмелі – 3324 өтінім, 2-бөлмелі пәтерлерге- 4592 өтінім, 3-бөлмелі пәтерлерге-4003 өтініш берілген. Бүгінгі таңда аталған өтінімдерді қарау жұмыстары жүргізілуде.
Несиелік тұрғын үйлерді «Shymkent-baspana.kz» сайты арқылы автоматты түрде басқарма теңгеріміне қабылданған үйлердің санына қарап орналастырылады. Shymkent-baspana.kz порталы толығымен автоматтандырылғандықтан азаматтардың өтінімдеріне сәйкес пәтерлерді бөлуді аталған портал автоматты түрде жүзеге асырады. Бұл орайда ешқандай адами фактор әсер ете алмайды.
Аталған конкурстан өткен азаматтармен бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқарады. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы, «Altyn Bank» АҚ-ы, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ы.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі