Сенесіз бе?!
Алдан СМАЙЫЛ, Парламенттің экс-депутаты:
Қазақстанда орыс, кәріс, ұйғыр т.б. ұлт өкілдерінің мектептері бар, иә?! Орыс мектептерінің санында шек жоқ, тіпті. 200 мыңнан аспайтын ұйғырларға мәдениет ошақтарын, театрларын салып, мектептерін ашып бердік. 100 мыңның айналасындағы кәрістерді де жарылқап қойдық. Қазірдің өзінде 56 диаспораның республикалық театры жұмыс жасап жатыр. Филармонияларды тағы аштық. Бұл Қазақстандағы түрлі диаспораларға біздің Үкіметтің жасаған жақсылығы болды. Мейлі, дұрыс.
Біз осы жақсылықтың бірде бірін сырттағы қазақтарға жасап, мәдениет ошақтарын, басқа да әлеуметтік нысандар ашып берген жоқпыз.
Оған дәлел – Түркіменстанның өзінде азын-аулақ қазақ мектептерін аралас мектептер етіп, ақырында жауып тастады, билігі. Қазір Түркіменстанда қазақ мектептері жоқ. Өзбекстанда да аралас мектеп етті. Таза қазақ мектептері Өзбекстанда болған. Ең үлкен серіктесіміз деп отырған Сенесіз бе?! мына тұрған Ресейдің өзінде бірде-бір қазақ мектебі жоқ.
Қазақстан — шеттегі қазақтардың рухани тірегі. Шеттегі қазақтың мүддесін Қазақстан қолдауы керек.
Abai.kz