АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ БАЯНДАЛДЫ

Шымкентте әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарлары бойынша баға тұрақтылығын сақтау мақсатында қалалық тұрақтандыру қорына 7,7 млрд теңге бағытталған. Қазіргі таңда қаржының 7,4 млрд. теңгесі айналымға берілген.

Бұл туралы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысы А.Джанбатыров қала әкіміне берген есебінде баяндады.

Қала аумағындағы азық-түліктер сатылатын сауда орындарындағы бағаны қадағалау үшін арнайы мониторингтік топ құрылған. Бүгінде арнайы топ өкілдері тексеру шараларын жиі ұйымдастырып отырады. Олар бағаның негізсіз көтерілуіне байланысты арыз-шағымдарды да қарайды.

Одан бөлек, бағаны тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру мен делдалдық қызметті шектеу шаралары қолға алынған.

Бүгінде Тәжікістан Республикасы және Түркістан облысында ерте пісетін өнімдерді нарықта көбейтілуде. Көгөніс өнімдерін өндірушілер мен құмшекер, күнбағыс майы және қарақұмық жармасы өнімдерін жеткізушілерімен келісім-шарт түзілген.

Сонымен бірге, әлеуметтік дүкендер санын 20-ға ұлғайту көзделіп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.