«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КІМДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛА АЛАДЫ

«7-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна  20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

— Қазақстан Республикасының азаматының болуы;

— Ипотекалық несиелердің болмауы;

— Табыстың болуы;

— Баспананың болмауы.

Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы, «Altyn Bank» АҚ-ы,  «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ы.

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2)  жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама;

3)  ипотекалық жылжымайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын  дәлелдейтін кредиттік бюроның кредиттік есебі;

4)   бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы жеке зейнетақы зейнетақы шотынан үзіндісі;

5)  жұмыс орнынан табысы туралы анықтама:

Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.

Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.

«Shymkent-baspana.kz» сайтына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлер алуға жалпы 11919 өтінім келіп түсті.

 

Оның ішінде;

1-бөлмелі пәтерлерге – 3324 өтінім,

2-бөлмелі пәтерлерге- 4592 өтінім,

3-бөлмелі пәтерлерге-4003 өтінім келіп түсті.

Несиелік тұрғын үйлерді «Shymkent-baspana.kz» сайты арқылы автоматты түрде басқарманың  теңгеріміне  қабылданған үйлердің санына қарап орналастырылады.

Бүгінгі таңда барлық өтінімдерді қарау жұмыстары жүргізілуде. Алдымен бағдарламаға қатысушы азаматтардың жалпы тізімі «Shymkent-baspana.kz» сайтында жарияланатын болады.

Несиелік тұрғын үйлердің орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданы – 11, Арғынбеков көшесі-2.

Қабат саны – 12 және 9

1 ш/метрінің бағасы, таза әрлеуде: 180 000 теңге.

Берілетін тұрғын үйлерде 900 пәтер,  оның ішінде  бір бөлмелі — 300 дана (ауданы – 32,7-49,3 ш.м.), екі бөлмелі -300 дана (ауданы – 61,0 -66,0 ш.м.), үш бөлмелі — 300 дана (ауданы – 74,5- 82,0 ш.м.).

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.