Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы не білеміз?

Заңға коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу функциясын әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру бойынша түзетулер енгізілді. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген бұл түзетулер туралы не білеміз? Бүгін осыны аз-кем түсіндіре кетейік.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңға енгізілген түзетулерде мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады делінген.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады. Заңның 5-1 және 5-2 баптары коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізген кездегі, олардың қызметінің тоқтағанын мемлекеттік тіркеген кезде, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеген және есептік тіркеуден алған кездегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзыреті, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін мемлекеттік бақылау деп өзгертілді. Ал, 10-баптағы тіркеу алымының төлемі келесі редакцияда баяндалған: мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғалардың қызметінің тоқтауын мемлекеттік тіркеу, есептік тіркеу, филиалдарды есептік тіркеуден алу кезінде Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленуі тиіс басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексімен анықталған тәртіпте тіркеу алымы алынады.

Бұдан басқа да біраз өзгерістер бар. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы№ 506 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 1527 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу функцияларын беру жөніндегі Жол картасының 16-тармағында коммерциялық заңды тұлғалардың мұрағаттық тіркеу істерін Мемлекеттік корпорацияға беру жөніндегі іс-шара көзделген.

 

 С.ПРАЛИЕВ,

Шымкент қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.