…құтылғанда ғана қазақ бір-біріне дос бола алады

Шархан ҚАЗЫҒҰЛ, журналист: 

Саясатта «шараханье» деген ұғым бар. Түбімізге осы жетеді. Біреуді мақтасақ, аспанға ұшырып жібереміз. Сынасақ, құздан құлатып тынамыз. Сынағанда ешкімді де жәбірлемейтіндей немесе мақтағанда адамды ұятқа қалдырмайтындай ортадағы ойды бедерлеу қолымыздан келмей-ақ қойды.

Жалқаулығымыздан балалап жатқан жағымпаздық пен көреалмаушылықтан құтылғанда ғана қазақ бір-біріне дос бола алады, бірлікке бір табан жақындай түседі.

Қазақ көп параметрлер бойынша басы бірікпейтін халық болғанына қарным ашады. Тіл, дін, діл және тағы басқалар бойынша бір-бірімізден алшақтанып барамыз. Ең қорқыныштысы, ешкім де басқаларға түсіністікпен қарағысы келмейтіні. Жер бетінде бір-бірін түсінгісі келмейтін халық біз шығар! Шенеуніктің қарапайым халықты көзге ілетіні шамалы. Ал, бұқара жоғарыдағыларға сенімсіздікпен қарайтыны тағы рас.

«А»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.