ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН ЖЫЛЫЖАЙДА ҚИЯР ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУМЕН АЙНАЛЫСУДА
Абдулабад тұрғын алабында орналасқан аумағы 4.0 Га құрайтын жаңадан салынған жылыжай кешені іске қосылып қазіргі уақытта қияр өнімдерін өндірумен айналысуда.
Маусымына (сезон) 6 мың тонна өнім өндіруді жоспарға қойған. Ағымдағы жылдың тамыз айында қызанақ өнімдерін өндіруді бастайды.
Қазіргі уақытта жергілікті тұрғындардан 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ал, жылыжай толық қуаттылығына қосылған кезде 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Жаңадан салынған жылыжайда алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы