Шымкент полицейлері «Қорғау» арқылы жол ережесін бұзған 250-ге жуық жүргізушіні анықтады
Ағымдағы жылдың 20-25 сәуір аралығында Шымкент қаласының полицейлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 244 автокөлік жүргізушілерін анықтады. Олардың 36-сы жалған нөмірлі автокөліктерді басқарған.
Салынған айыппұл сомасы 60 миллион теңгеден асты.
Естеріңізге сала кетейік, мегаполис полицейлері республикада алғашқы болып «Қорғау» бағдарламасын пайдалана бастады. Бұл бағдарлама 10 минут ішінде екі рет жол жүру ережесін бұзған, әкімшілік айыппұлдары төленбеген, сондай-ақ жалған нөмірлі автокөліктерді анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, қосымша сақтандырусыз, техникалық байқаудан өтпеген немесе іздестіруде болған көлік құралдарын анықтай алады. Көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы бағдарлама жақын маңда жүрген патрульдік полиция нарядын хабардар етеді, бұл ретте заң бұзушылықтарға жедел ден қойылып, олардың алдын алуы нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады. Айта кететіні, «Қорғау» қосымшасы ең алдымен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі