“Уылдырық”: Шымкентте заңсыз балық аулаудың 8 жайты тіркелді

Ағымдағы жылдың 15-сәуірінен бастап қала аумағында заңсыз балық аулау жəне оның айналымын, сондай-ақ балық өнімдерін анықтау жəне жолын кесуге бағытталған “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

     Мәселен, іс-шара барысында ағымдағы жылдың 25-сәуірінде Еңбекші ауданы Полиция басқармасының  учаскелік полиция инспекторлары мен ЖПҚБ Табиғатты қорғау тобының қызметкерлері берілген тапсырмаға сәйкес жақын маңдағы өзен, көл, тоғайларға рейдтік шаралар жүргізу барысында Бадам су қоймасында заңсыз балық аулап отырған тұрғын анықталған. Алайда азамат оқиға орнынан бой тасалау кезінде тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында ұсталып, тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі (Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық) бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, шара барысында жалпы заңсыз балық аулаудың 8 жайты анықталып, азаматтар жауапқа тартылды.

«Мұндай іс-шаралар заңсыз балық аулауға тосқауыл қою мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл табиғатты қорғап, заңсыз жайттарға жол бермеуге септігін тигізеді. Ата Заңымызда браконьерлік әрекеттерге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген»,-дейді Табиғатты қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Сабаев Ұлықбек.

      Айта өтетін ақпарат іс-шара қала аумағында 30-мамырға дейін жалғасатын болады. 

       Өз кезегінде Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарға табиғатқа қиянат жасамауға шақырады. Сондай-ақ, азаматтардаң заңсыз балық аулау жайтын байқаған жағдайда тез арада «102» арнасы арқылы полицияға хабар берулеріңізді сұрайды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.