ОРТА ТОЛСЫН ДЕГЕН ОСЫ ШЫҒАР
Қазақиландырып айтсақ, орта толып жатыр. 800 мыңнан аса мүшесі бар «AMANAT» бүгіннен бастап аманаттықтарға айналған адалдықтарды өз қатарына қабылдады.
Шынын айту керек, жетекші партия үшін — бұл жақсы «қосылу». «ADAL» да осал партиядан емес. Ол әрқашан маңызды және сапалы адам капиталына ие болғанын мойындау керек. Олардың қатарында халықтың түрлі топтары арасында қолдау тапқан біздің қоғамда белгілі тұлғалар мен көшбасшылар болды.
Сондай-ақ, адалдықтар өткен парламенттік сайлауда өздерін өте жақсы көрсетті. Олар жарқын және креативті науқанды өткізе алды. Олар қызықты жобалар ұсынып, тіпті қарапайым ауыл әкімі туралы саяси сериал түсіре бастады. Менің ойымша, мұндай тың тәсілдерді «AMANAT» партиясының жаңару бағдарламасына енгізуге болады.
«ADAL»-дың «AMANAT»-пен бірігу туралы бастамасын жариялағанда, олар оны Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жаңа Жолдауымен түсіндірді. Адалдықтар Президенттің елді саяси жаңғырту жөніндегі бастамаларын толық қолдады.
Осылайша, «ADAL» реформалар жолын таңдайтынын және оның Қазақстанның саяси жүйесін демократияландыру бағдарламасын жүзеге асыратын команданың бір бөлігі болғысы келетінін айта аламыз.
Иманқұлов Әбдез Рахманұлы
«AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы