ИЧ-167/3 мекемесінде Отбасылық құндылықтар тақырыбында іс-шара өтті
ИЧ-167/3 мекеменің ішкі аумағында орналасқан кітапханада 23.04.2022 жылы тәрбиелік мәні бар кездесу өте жоғары дәрежеде өтті. Бұл іс-шарада отбасының қадірі, жәнаттың кілті ананың табанының астында екенін уағыздармен хадистерді бойларына сіңдіртіп айтып жеткізді. Оған қоса отбасы жайлы қысқа метражды фильмді де көрсетілді. Іс-шараға радикалды көз қарастағы 15 (он бес) жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысты.
Іс-шарада Шымкент қаласы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Айтаев Икрам Ислам шариғаттағындағы отбасылық жағдайлар бойынша айтып өтті. Өз сөзінде жалған діни қағидаларды дәлме-дәл қабылдап, ата-ананы сыйламай оларға қарсы шығу үлкен күнә екенін дөп басып айтты. Қаншама соқыр сенімнің кесірінен ата-анаға қарамай, балалларды тірідей жетім қалып жатқаны жүрекке аянышты тиеді. Дұрыс жолдың негізгі бағытын таңдайтын болсақ елімізде өзіміздің дәстүрлі Абу-Ханифа мазһабын ұстанатын болсаңдар қателеспейтіндердің қатарынан боласыңдар деп өз сөзін аяқтады.