Шымкенттік полицейлер балалардың жолдағы қауіпсіздігін жіті бақылауда

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балаларды көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысқа дағдылау мақсатында қала аумағында «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында Полиция департаментінің қызметкерлері қаладағы 192 мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күнделікті жұмыс атқаруда.

Мәселен, ағымдағы жылдың 27-сәуірінде Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары №35 және №84 жалпы орта мектебінің оқушыларына «Абайлаңыз – балалар!» тақырыбында сабақ өткізді.

Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қауіпсіздігі ережелерін жіті түсіндіру. Балалар жолдан өтпес бұрын толық қауіпсіздікке көз жеткізулері қажет екендігін ескерту. Өз кезегінде ювеналдық полиция бөлімінің инспекторлары өз қызметінің ерекшелігін айтып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында нұсқамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар мектеп жанындағы жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыруды, оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол төсемі мен жасанды жол кедергілерін қалпына келтіруді жүргізуде. Бұдан өзге мектептер мен қосымша білім беру ұйымдары маңына 8 ауыстырылған және жаңадан орнатылған жол белгілері мен жабдықталған жаяу жүргіншілер өтпесі орнатылды.

Жол жүрісі ережелерін бұзудың 785 жайты анықталған. Атап айтқанда, жол қиылыстарынан өту ережесін бұзудың 138 дерегі тіркелген және жаяу жүргіншілер өтпесінен өту ережесін бұзудың 512 жайты бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылған.

«Тәртіп сақшылары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай сипаттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушыларға жол жүру ережелерін үйретуде. Бала кішкентай кезінен бастап жол қозғалысы ережелері мен көшеде өзін қалай ұстау керектігі туралы білуге тиіс. Сондықтан біз балалардың жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында күн сайын жұмыстар жүргізудеміз»,-деді Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Ербол Курбанов.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.