ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 АЙДА 35 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫ АНЫҚТАЛҒАН

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет Департаментпен осы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындыланған баспасөз жиынында мәлімдеді.
Спикер брифинг барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жедел — тергеу бағытында атқарылған жұмыстармен бөлісті.
Жыл басынан бері Департаменттің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, 35 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталғанын және бұл өткен көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп тіркелгенін жеткізді.
Нұрдәулет Ильясұлы өз сөзінде қылмыстардың басым көпшілігі парақорлық фактілері бойынша тіркелгенін, олардың ішінде 17-ісі пара алу, 7 -еуі пара беру екенін баса атап өтіп, жемқорлық қылмыстары ең көп тіркелген мекемелер қатарында полиция қызметінде — 22, білім беру саласында — 10, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында — 7, кедендік бақылау саласында — 5 қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, биылғы жылы 31 қылмыстық іс соттың қарауына жолданып, 9 тұлға сот үкімімен сотты болғанынан хабардар етті.
Спикер брифинг соңында еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз келешегі оның әрбір тұрғынына байланысты екенінтілге тиек етіп, лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат Агенттіктің 1424 call орталығына хабарласуға болатынын және нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған азамттарға біржолғы ақшалай сыйақы берілетінін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.