ТҮРКІСТАН: 3 АЙДА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ БРИФИНГТЕ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәметтің қатысуымен өткен баспасөз жиынында Департамент бастамасымен 3 айда жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесі мен анықталған құқық бұзушылықтар және оған жол берген мемлекеттік мекемелер туралы айтылды.
Нұрдәулет Ильясұлы жыл басынан бері жүргізілген мониторинг, ең алдымен білім беру саласында жүргізілгенін жеткізіп, аталған саладағы еңбек заңнамасы бұзылудың салдарынан жеке меншік балабақшаларды «транзиттік пункт» ретінде пайдалану арқылы жұмысқа орналасқаны үшін пара алудың қалыптасқан сыбайлас жемқорлық схемасы мен білім беру мекемелерінде ақша жинаумен байланысты тәуекелдер анықталғанын баса атап өтті.
Сондай-ақ, кедендік бақылау саласында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, делдалдардың қызметіне және белгіленген бейресми төлемдерге белгіленген пара соммалары мен жүктерді сканерлеуге және басқа да бизнес-процестермен байланысты бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғанын мәлімдеп, тиісті шара қабылдау үшін Қаржы министрлігіне мониторинг қорытындысы жолданғанын БАҚ өкілдеріне хабардар етті.
«Тағы да бір мониторинг жұмыстары автокөлік құралдарына арналған «VIP нөмірлерін» сатып алу саласында мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесімен нөмірлерді бергені үшін бюджетке мемлекеттік бажды төлеуден жалтарудың сыбайлас жемқорлық схемасы, яғни мемлекеттік баж салығының жалпы сомасы 71 809 667 теңгеге төленбегені анықталды. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары жалғасатын болады», — деп сөзін қорынтындылады Нұрдәулет Ильясұлы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.