Жұртшылықтың қала билігінен күдерін үзгені ме?

«Нұршашу» көшесінің тұрғындары: «Осы мəселемен  қала басшысының қабылдауына жазылу үшін Фронт  Офиске бардым. Тек қана əкімінің орынбасарымен,  яғни Қ.Нұртай мырзаға кіресіз, яғни сол қабылдайды  деген соң 2017 жылдың мамыр айында қабылдауға  жазылғанмын, əлі күнге дейін қабылдауына кіре алмай  жүрмін»,- деп жазыпты. Ой таразысына салсаңыз, əкім  орынбасарына кіре алмау адам айтса сенгісіз сияқты  емес пе? Бірақ, бүгінде басиесіз қалғандай болған  Шымкент үшін өрескел жауапсыздықтың кəдуілгі  өмір тынысына айналғанын қалың жұрт ренішті сөз  ете бастағанын жоққа шығара алмаспыз. Сондықтан  шығар, «Нұршашудың» тұрғындарының: «Баспасөз  бетте рінде жариялаған қала əкімі Ғ.Əбдірахымов  пен оның орынбасарының азаматтарды қабылдау  уақыт тары жалған ба, сонда?» деп сұрап жатқаны.

Жалпы əкімдік институты шыққалы бері Ғ.Əбдіра хымов тың «командасындай» бірде-бір осал «команда»  болған емес дегендер босқа айтылып жүрген жоқ  шығар, əсте. Ел-жұрттың барын есіне алмайтын, өзін  «данышпанға», «білгішке» жатқызып алған адам нан  айналасына иненің жасуындай шарапат тимейтінін, тіпті  ондайлардың өзгелер түгілі, өзіне қауіпті екенін мына  өмірдің ағысы көрсетіп жатқан жоқ па? «Білгішсінген»  Ғ.Əбдірахымов орынбасарлары, аппараттың басшылық  құрамы бар, қала тізгінін ұстай тын дарды Қызылордасы  бар ма, қыр мен ойы бар ма, қай-қайдағыларды жинап  алмады ма? Оңтүстік қай жағынан алсаңыз да бір  республикадан кем емес болса, Шымкент шаһарының  салмағын содан кейін шамалай беріңіз. Демек, бұл  – əкімнің қаланың қадірін біл мегендігі. Осыдан кейін  «команда» жұмыс істей қоя ма? Қала əкімі «командасы»,  əкім аппаратының дəл қазіргі кезең дегідей «далада  қалған» кезі болған жоқ шығар. Мына дай фактілерден  кейін жұрт қайтіп сенеді қала билігіне. Əкімнің  орынбасарын қала тұрғындары танымайды деуге  болады. Бір қаламгер  «Қайрат Нұртай, қайтатын

уақытың болды ғой»  тақыры-бында сараптамалық сыни  материал дайындау үстін де  деген сөз босқа айтылып жүрген  жоқ шығар.

Тұрғындар көшенің өзіндегі  мектепке дейінгі жəне мектеп  жасындағы балалар санының  күн санап көбейіп отырғанын  айтып, кешке қарай 70-80-ге  жуық ойын баласының көшеге  шығатындығын көрсетеді. Ойын  балаларына арналған спорттық- ойын алаңшасын салып беруді  өтініп,  Əл-Фараби  ауданы  əкімдігіне арыз данған дарына 2  жылдан асса да не нəтиже жоқ,   не бір тұщымды жауап та жоғын  айтып шырылдайды. Спорттың  бұқаралығын  дамытуға  жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетуге тиіс  болса, ондай қамқорлықты қашан көреміз деп күйінеді  шағымданушылар.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.