ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Оспанов Берік Серікұлы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, Еңбекші ауданында орналасқан «Айна» базарының шағын кәсіп иелерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Шымкент қалалық мәслихат депутаты Байкен Әшірбаев, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Референдум өткізу туралы бастамасын талқылау, қолдау көрсету. Кездесуде Берік Серікұлы шағын кәсіп иелеріне реформаға өзгеріс енгізудің артықшылықтарын толықтай түсіндірді.
«Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр», — деді Б.Оспанов.
Алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді.