РЕФЕРЕНДУМ — ДАМУДЫҢ БАСТЫ ҚАДАМЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ғани Ташқараев Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін түсіндіру мақсатында Әл-Фараби ауданындағы «Орталық Қырғы» базарына барып, саудагерлер және келушілермен кездесті.

Кездесу барысында халық қалаулысы қала тұрғындарын референдумға белсене қатысуға шақырды. Конститутциямызда орын алатын өзгерістер елдің болашағын айқындайтынын алға тартып, тарихи кезеңде әрбір азаматтың пікірі маңызды екенін жеткізді. Саудагерлер өз тараптарынан, Президентіміздің бастамасымен елімізде орын алып жатқан саяси, құқықтық өзгерістердің орын алуына оң көзқараспен қарайтындарын білдірді.

Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.