ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ НҰРЖАН СМАНОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Келес ауданында 130-дан аса жасөпірім спортшының басын қосқан халықаралық турнир басталды. Қазақ боксының дарабозы – Нұржан Смановтың 50 жылдық мерейтойына орай өткізілген ХІХ халықаралалық турнирге алыс-жақын шет мемлекеттерден және республикамыздың облыстарынан, Түркістан облысының аудан, қалаларынан келген жасөспірімдер қатысып жатыр.
Турнирдың ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков, «Amanat» партиясының Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ахмет Жұмабеков және бокстан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Нұржан Сманов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Нұржан Смановтың бокстағы жетістіктеріне қысқаша тоқталсақ, Келес ауданының тумасы 15 жасында Кеңес Одағының чемпионы атанып, КСРО спорт шебері атағын алған. Еуропа чемпионы атанды. Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері» атағын алды. Он бес жыл бойы ұлттық құраманың 63,5-67 келі салмағында нөмірі бірінші боксшысы болды. Азия және Азия ойындарының чемпионы.
Халықаралық бокс турнирі алдағы төрт күн бойы жалғасып, жеңмпаздарға арнайы дайындалған сыйлықтар табысталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.