ТҮРКІСТАН: ЕРІКТІЛЕР ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАРҒА ЖӘРДЕМДЕСУДЕ

Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы округінде нөсер жауын салдарынан су басқан үйлердің аулаларын, қора жайларын тазартуға еріктілер жәрдемдесуде. Қазіргі таңда 13 көшедегі 66 тұрғын үйдің ауласынан су өткені анықталды. Жедел әрекет ету барысында 14 мамыр күні аудан әкімдігінен 3 мотопомпа, 32 қызметкер және көрші аудандағы төтенше жағдай бөлімдерінен 5 мотопомпа, 2 техника көмекке жеткен. Сондай-ақ аудан жастарынан құрылған еріктілер және жергілікті Жастар орталығының мамандары, аудан, ауыл әкімдіктері мен тиісті мекемелерден 120 адам, аудандық білім саласының өкілдерінен 150 адам зардап шеккен тұрғындарға ерікті түрде көмектесуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.