ТАҢДАУ ЖАСАУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қаратаев Фахриддин Әбдінәбиұлы Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрғын алабының тұрғындарымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды өткізудің маңыздылығы бойынша кездесу өткізді.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Байкен Әшірбайұлы қатысты.

— «Референдум кешегі өткен Қайғылы Қаңтар оқиғасының нәтижесінде туындап отырған қадам деп санаймын. Бұл елімізге керек қадам, біз тек қана ұрандап, көшеге шығып қана барлық мәселемізді шеше алмаймыз. Біз шын өзгерістерді қаласақ, біздің ендігі қадамдарымызға халыкаралық, құқықтық негіз болатын — Ата заңымызды өзгертіп алуымыз керек. Барлық халықты референдумға қатысуға, өз таңдауын жасауға шақырамын»,- деді Фахриддин Әбдінәбиұлы.

Кездесуде Конституцияға өзгерістердің негізгі жобасы, мақсаты мен күтілетін нәтижесі айтылды. Егер референдум оң нәтиже берсе еліміз Суперпрезиденттік бас­қару үлгісі­нен өте ықпалды парламенті бар президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшуге мүмкіндік алады, сондай-ақ жергілікті мәслихаттардың да рөлі күшей­мек.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.