РЕФЕРЕНДУМ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ғани Ташқараев Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында «Қайнар Бұлақ» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.
— «Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бұл – жай ғана айтыла салған сөз емес. Егер Конституциялық реформа қабылданса, онда саяси жүйе де елеулі өзгереді. Бұл өзгерістер адамдардың өз ойын ашық жеткізе алуына мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ғ.Ташқараев.
Кездесуде Конституцияға енгізілетін өзгерістер және оның мақсаты мен күтілетін нәтижесі де сөз болды.
Жиын соңында Ғ.Ташқараев азаматтарды мемлекет басшысы ұстанған саясат пен жалпыұлттық референдумды қолдауға шақырды.